Төтенше жағдай • 20 Ақпан, 2025

Қар құрсауында қалған адамдар құтқарылды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысы, Қандыағаш ауылынан 2 шақырым жерде «Газель» қарға батып қалған. Көлікте екі адам болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қар құрсауында қалған адамдар құтқарылды

Фото: ашық дереккөз

Құтқарушылар көлікті қардан сүйреп шығарған. Жолаушылар дін аман күйінде ары қарай жолға шығып кеткен. 

Осындай оқиға Ұлытау облысында да орын алған.  Жаңаарқа ауданына қарасты Ақтасты ауылынан 10 шақырым қашықта қар құрсауында қалған көліктен  екі адам құтқарылған. 

Төтенше жағдайлар қызметі күн райы туралы хабарламаға назар аударуды және боранда елді мекеннен тысқары шықпауды ескертеді. Өйткені боран соқпағанның өзінде сырма жүріп, жолды қар басып қалуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025