Қаржы • 08 Ақпан, 2025

Қайтарылған актив мектеп құрылысына бөлінді

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет Мемлекет басшысының қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Арнайы мемлекеттік қордан Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Көксай ауылында жаңа мектеп салу үшін 1,4 млрд теңге қаржы бөлді.

Қайтарылған актив мектеп құрылысына бөлінді

Сурет: new.zhalagash-zharshysy.kz

Қазіргі таңда елді мекенде жалғыз мектеп жұмыс істеп тұр, онда екі ауысымда 53 бала білім алуда. Сонымен қатар білім ошағында спорт және акт залдары, асхана жоқ, пәндік кабинеттер жетіспейді. Жаңа мектеп 60 орынға арналған. Ғимарат заманауи білім беру стандарттарына сәйкес жабдықталған. Нысанның құрылысы білім берудің қолжетімділігі мен мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қазір ауылда 7 жасқа дейінгі 28 бала тұрады.

Бүгінде Үкімет әлеуметтік маңызы бар нысандар салуға Арнайы мемлекеттік қордан 58 млрд теңге бөлді. Атап айтқанда, 5 мектеп, оның ішінде бір музыкалық, 2 спорт кешені, көпфункционалды аурухана кешені, жатақхана, 2 балабақша мен жедел медициналық көмек көрсету стансасы бар. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң субъектілері есебінен Арқалық, Астана, Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысаны салынып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше