Білім • 07 Ақпан, 2025

Ынтымақтастық ырысқа бастайды

66 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биылғы Жұмысшы мамандықтары жылы аясында елордадағы Кәсіп­тік-техникалық колледжде ашық есік күні өтті. Онда атал­­ған білім мекемесі мен қаладағы ірі жұмыс беруші кәсіп­орын­дар арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы сөз болды.

Ынтымақтастық ырысқа бастайды

Сурет: ptk-astana.edu.kz

Кәсіптік-техникалық кол­лед­жі 16 жылдан бері электр және газбен дәне­керлеуші, токарь, жол-құрылыс машинисі, техник-механик, электр маманы, жал­пы құрылыс шебері, сондай-ақ автокөлік жөндеу слесары, жабдықтарды реттеуші, кран машинисі сияқты сұранысқа ие мамандарды даяр­лайды.

Іс-шара барысында білім мекемесінің «АЛКОН+» және «Астана Тазалық» ЖШС сияқ­ты кәсіпорындармен ынты­мақ­тастығына баса назар аударылды. Алдымен компания өкіл­дері жастарға өздерінің қызметі ­туралы баяндады. Сонымен бірге теориялық білімді өндірістік тәжірибемен ұштастыратын дуалды оқытудың маңызына тоқталды.

Айталық, «АЛКОН+» компаниясы – бас шаһардағы қасбеттік дизайн саласына маман­дан­ған іргелі кәсіпорынның бірі. Құ­ры­лыс саласында айтар­лық­тай же­тіс­­тікке қол жеткізген. Бүгін­ге дейін біраз студент осы кәсіп­орында тәжірибеден өтіп, өз ма­мандықтарының қыр-сырын үйренген. Компанияның бас директоры Бейсен Жолболдиев атал­ған оқу орнымен арадағы тығыз бай­ланыс бірнеше жылдан бері жал­ғасып келе жатқанын айтты.

«Шынында да, дуалды оқы­ту­дың маңызы ерекше. Өйткені сту­денттер уақытының 65 пайызға жуы­ғын өндірісте өткізеді. Бұл тео­риялық білімді дамытып, жас­тарға қызмет жолында жетіс­тік­ке жетуге мүмкіндік береді. Біз жас мамандарды жұмысқа тар­ту­ға мүдделіміз. Оларға тек тәжі­рибеден өтуге ғана емес, оқуын аяқтағаннан кейін жұмыс орнын ұсынуға да дайынбыз», деді ол.

Сондай-ақ «Астана Тазалық» кәсіп­орны да колледжбен өте жа­қын байланыста. Компанияның HR менеджері Сымбат Хакімова сту­денттер санын шектемей, олар­ды кез келген уақытта тәжі­ри­бе­ден өткізуге дайын екенін жет­кізді.

Мазмұнды іс-шара соңында өнді­рістік тәжірибеде үздік нәти­же көр­сеткен студенттерге Алғысхат ­табыс етілді.

 

Қайсар Құсайын 

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше