
Шіркеу Трабзон қаласына қарасты Мачка аулындағы алқаптан жобамен 300 метр биіктікте орналасқан. Аңызға сүйенсек діни орын ІІІ ғасырда, яғни Византия кезеңінде, Афинадан келген екі христиан діні өкілі тарапынан құрылған. Шіркеу қабырғалары фрескаларға толы. Фрескалар қасиетті кітапта жазылған қиссалардан алынған оқиғалар, Әзірет Иса пайғамбар мен Мариям ананың ғұмыр тарихымен байланысты бейнелерді суреттейді. Тарихи мекенге жыл сайын мыңдаған турист келеді.
Дайындаған –
Дидар АСЫЛХАН,
Қожа Ахмет Ясауи университетінің студенті