Президент • 05 Ақпан, 2025

Қ.Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрлан Әбдіров Президентке Бүкіләлемдік сайлау күні аясында елімізде өткізілген іс-шаралар туралы есеп берді, деп жазады Egemen.kz.

Қ.Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады

Фото: Ақорда

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы 2024 жылғы электоралды компаниялардың қорытындылары, ОСК қызметінің қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспарын да баяндады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамалары таныстырылды.