Үкімет • 23 Қараша, 2024

Күн тәртібінде – Су кодексі

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ерлан Қошановтың төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәр­тібі нақ­тыланды.

Күн тәртібінде – Су кодексі

Депутаттар Қазақстан Рес­публикасы Су кодексінің жобасын және су ресурстарын қорғау мен пайдалану мәселелері бо­йынша ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда қарайды.

Құжат Мемлекет басшы­сының тапсырмасына сәйкес климаттың өзгеруі мен көрші­лес мемлекеттердің саясатын ескере отырып, су заңнама­сын жетілдіру мақсатымен әзір­ленген. Қолданыстағы кодекс 2003 жылы қабылданып, негі­зінен суды пайдалануға бағытталған еді.

Кодекс жобасының негізгі ережелері еліміздің су әлеуетін сақтау және оны тиімді пайдалану үшін су ресурстарын қорғау­дың басымдығын қамтамасыз етеді. Суды пайдалану лимиттерін анықтау тетігі қайта қаралды. Ол экологиялық ағынды суды анықтағаннан кейін қалған су­дың көлемі шегінде есептеледі. Сонымен қатар экономика салаларын қайта пайдаланатын, айналымды сумен жабдықтау бо­йынша жаңа норма, сондай-ақ балама су көздерін (қар суы, тасқын су, тазартылған сарқынды су) жинақтау және пайдалану саласында жаңашылдықтар енгізіліп жатыр.

Ілеспе заң жобасында 5 кодекс пен 9 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Бұған қоса депутаттар халық­аралық келісімдерді ратифи­кациялауға қатысты бірқатар заң жобасын қарап, жұмысқа алады.