Жарылыстан кейін шыққан өрт оқшауланған. Құтқарушылар конструкцияларды бөлшектеп, өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Төрт адам медициналық мекемеге жеткізілді. Зардап шеккендерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға орнында 40 құтқарушы мен 10 техника жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штаб құрды. Өрттің жалпы аумағы әзірге нақтылануда.
Нұрболат АМАНБЕК