19 Маусым, 2010

ДҰРЫС ТИЯНАҚТАЛДЫ ДЕП БІЛЕМІН

530 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Өнер адамдарының көбі мен саясатпен айналыспаймын деп жатады. Өзім де музыкант, сазгер болғаныммен, олардың бұл ұстаны­мымен келісе қоймаймын. Өйт­ке­ні, біріншіден, сен саясатпен ай­на­лыспасаң, саясат сенімен айна­лы­сады деген ұғым бар. Екінші­ден, сен кім бол, қоғамнан тыс өмір сүремін деу қателік. Сон­дық­тан өз басым елімізде болып жатқан елеулі оқиғалардан сырт қалған емеспін. Соған орай, соңғы кездегі де­путаттар бастамасымен көтерілген мәселеге байланысты елдің тара­пынан айтылған пікірлерге құлақ түре жүргенім рас. Енді қалай болар екен деп күткенде Елба­сы­мыз бұл мәселеге басқа қырынан келіп, кішілік танытты. Сонда көбіміздің басталған бастаманың же­ріне жетпегені ме деп көңілі­міз­дің қоңылтақсып қалғаны да шын­дық. Сондықтан республика Пар­ла­менті Сенаты мен Мәжілісі төр­аға­лары және республика Үкі­метінің басшысы бар жауап­кер­шілікті өз мойындарына ала оты­рып, халық­тың көңіліндегі ойды дөп басқан­дарына риза болдық. Сөйтіп, бір­ша­ма талқыланған бұл мәселе ақыры дұрыс тиянақталды деп білемін. Бұған дейін де Елбасы құр­метіне түрлі мазмұнда ұсыныстар айтылған болатын. Бірақ Тұңғыш Президентіміз соның бәрінде кі­шілік танытып, қарапайымдылық қағидасынан аспаған-ды. Ал бұл жолғы ортақ тілек еліміздің құзыр­лы мемлекеттік билігі тарапынан қолдау тауып отырса, ол елді­гі­міздің, бірлігіміздің көрінісі деп білу керек. Ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығы қарсаңындағы бұл шешім – дұрыс шешім. Ақынды бағалайық тірісінде демекші, кімнің болсын бағасын көзі тірісінде айта білейік, ағайын! Халқымыз да жақсының жақсы­лы­ғын айт, нұры тасысын деп жатады ғой. Ал осындай береке, бірлік бір тудың астында одан әрі топтаса түсуімізге септесетініне кәміл сенімдімін. Қадыр ДОСЫМЖАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. СЕМЕЙ. ХАЛЫҚ ҚАЛАУЫ МЕН БЕДЕЛ БИІГІНІҢ ҮЙЛЕСІМІ Үстіміздегі 2010 жылдың 3 маусымындағы Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті Н.Назар­баевтың “Қазақстан Республикасы азаматтарына, Қазақстан Респуб­ликасының Парламентіне, “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының Саяси бюросына” арнауында айтылған ұсыныстар мен ой-тұжырымдарын оқып, саралай келіп, Елбасымыздың тек саяси көреген басшы, үлкен тұлғалы ұйымдастырушы, озық қайраткер ғана емес, парасат пен қарапайым­дылықтың биік үлгісі де екендігіне шүбәсіз көз жеткізген едік. Өйткені, баршамыз теледидар мен баспасөз материалдарынан қанық болғандай, Елбасының алдына еліміздің Парламенті қабылдаған Тұңғыш Президент, Ел Басы туралы заңнамаға қол қою жөніндегі аса маңызды құжат жолданған болатын. Аталған заңмен Елбасының ресми мәртебесін белгілеген Парламент пен осы бастаманы қолдау жөніндегі ондаған мың отандастарымызға – көп этносты Қазақстан халқына өзінің шынайы алғысын жеткізе отырып, Пре­зи­дент заңнамаға қол қоюдан бас тарту себептерін егжей-тегжейлі түсіндірген болатын. Алайда, бұл заңнаманың ел ер­теңі, халық болашағы үшін қажет­тігін ескерген мемлекетіміздің Елбасынан кейінгі жоғары лауа­зым иелері – Қ.Тоқаев, О.Мұ­ха­мед­жанов және К.Мәсімов өзде­рінің қолдарын қойып, тиянақтап, Конституциялық заң мен Заңның құқықтық әдептілігін және оның заңдылығына жауапкершілігін ай­ғақтады. Сөйтіп, көп тілеуі қабыл болды. Осылай болуы тиіс те еді. Өйткені, тарих үшін қас-қағым сәт болып есептелетін өте қысқа мерзімде мызғымас шекарасы бел­гіленіп, әсем де көркем Астанасы бой көтеріп, әкімшілік жүйені тұтас­тай өзгертіп, әлемдік тәжі­ри­беге сүйене, нарықтық экономи­каның қазақстандық тамаша үл­гісін қалыптастыра, тұрақты­лықты сақтай, ұлтаралық татулық және дінаралық келісімді ны­ғайта отырып, саяси-эко­но­микалық реформаларды мүлтіксіз жүргізу кез келген елдің еншісіне тие бер­мейтін жетістік. Осындай жасам­паз жаңғырулар нәти­жесінде еліміз әлемдік қоғам­дастық арасында өзінің лайықты әрі беделді орнын алып үлгерді. Әлбетте, мұның бәрі сарабдал көшбасшымыз Нұрсұл­тан Назар­баевтың ерен еңбегінің нәти­жесінде жүзеге асты. Осы орайда еліміз ізгілікке, бейбітшілікке табандылықпен, біріз­ділікпен құлшына қадам басып, жаппай қарусыздануға үндеген бастамалары барлық елдер, Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан қызу қолдау тауып, бұл үдерістер әлем жұртшылығы арасында жаңа серпіліс туындатты. Ел үшін өте күрделі кезеңдердің өзінде жаңа, тың үлгідегі мемлекет құ­рып, экономиканы жаңа рельс­терге бұру арқылы өзінің сара басшылығымен елді тұйықтан шығара білген Елбасы әлемдік қаржы дағдарысы кезінде де тың идеялар мен жоспарлар жасап, ел көшін көрегенділікпен бастап келеді. Қазір еліміз Еуропадағы қауіп­сіздік және ынтымақтастық ұйы­мы­на төрағалық етуде, сондай-ақ бір­қатар өңірлік ұйымдарға бас­шы­л­ық жасауда. Бұл істерде де Ел­басы Н.Назарбаевтың беделі мен әлемдік деңгейде атқарған қыз­меті үлкен рөл ойнағаны күмәнсіз. С. ОМАРОВ, Сарыағаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Оңтүстік Қазақстан облысы. ТЕҢДЕССІЗ ШЕШІМ Игі жақсыларын құрметтемеген елдің егемен болуы екіталай. Саясатын еліміздің мүддесін тұрақты қорғау тұрғысынан жүргізіп, толайым табыстарға жеткізіп келе жатқан Елбасын ардақтау тәуелсіздігімізді тұғырлы етудің бірден-бір жолы деп санаймын. Еліміздегі жоғары лауазым иелері қол қойған заңнамаларды үлкен толқыныспен оқып шықтым. Орынды тиянақталған заңдар екеніне көзім жетті. Себебі, бұған толық негіз бар әрі Елбасының еңбегі орасан екені белгілі. Мәселен, ұлты­мыздың арғы-бергі та­ри­хында бізде бүгінгідей шекарасы ше­ген­делген мемлекет болған емес. Қыс­қа уақыт­тың ішінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назар­баевтың көрегендігі мен дана бас­шы­лығы арқасында Қазақстан әлемдік қоғамдастық санасатын зайырлы мемлекетке айналып үлгерді. Үлкен форумдар мен саммиттерде Елбасы ал­пау­ыт елдердің басшыларымен өзін әрдайым тере­зесін тең ұстайтыны біз үшін мақтаныш. Елбасын мұндай дәрежеге жеткізген құнарын тереңнен алған жеке басының тұлғалық алыптығы, өресі биік парасаты, дара кемеңгерлігі. Саяси жүйесі әртүрлі мемлекеттердің бас­шы­лары арасында Нұрсұлтан Әбішұлын өзіне үлгі-өнеге тұтатындар көптеп саналады. Қай халық болса да осындай мәртебелі пер­­зентке зәру десек, қателеспейміз. Қарапайым Қазақстан азаматы ретінде өз басым Елбасын адамзат тарихына әсер еткен ұлт көшбас­шы­ларының жұлдызды шоғы­рына  жатқызамын. Нұрсұлтан Әбішұлының Парламент қабыл­­да­ған Тұңғыш Президент, Ел Басы туралы заң­намаға өзгерістер мен толықты­ру­лар енгізу жөніндегі заңнамаға қол қоюдан бас тартуы, әрине, парасатты шешім болған еді. Екінші жағынан, еліміздің ертеңі, болашағы үшін дәл осы заңнаманың қабылданғанын, жоғарыда да айтқанымдай, өте орынды, дұрыс шешім санаймын. Қали ОМАРОВ, география ғылымдарының кандидаты, доцент, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімінің бастығы.