фото: Туризм және спорт министрлігі
Президент атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік ретінде атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс айтты.
Мемлекет басшысы барша спорт сүйер қауым мен ел азаматтары спортшының айтулы жетістігін мақтан тұтатынын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ жаттықтырушыларға, Конькимен мәнерлеп сырғанау федерециясына және тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді.
Президент Олимпиада чемпионына толайым табыс пен жеңіс тіледі.
Айта кетейік, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды.