Көші-қон саласына байланысты заңдарды қазіргі қалыптасқан жағдайға сай етіп, толықтырулар мен өзгерістер енгізгеніміз жөн, деп санайды Мәжіліс жанындағы Көші-қон мәселелері және отандастармен байланыстар жөніндегі консультациялық кеңес төрағасы Уәлихан Қалижанұлы. 1997 жылы “Халықтың көші-қоны туралы” Заң қабылданған болатын. Соңғы 13 жыл ішінде оған 3 рет қосымшалар мен түзетулер енгізілді. Бірақ әлемдегі жаһандану үдерістері көші-қонға да әсерін тигізіп отыр. Сондықтан да “Көші-қон туралы” жаңа заң жобасы қажет болды. Оның үстіне 2007-2015 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасы қабылданды. Әрі Елбасы қалыптасып отырған жағдайға орай жаңа заң қажет екенін қадап айтқан еді. 1993 жылдан бері этностық мигранттарды квота арқылы қабылдау жүзеге асырыла бастады. 2005-2008 жылдары жылына 15 мың отбасына квота бөлінсе, Елбасы тапсырмасына орай 2009 жылдан бастап ол 20 мың отбасына ұлғайтылды. Келген оралмандар қазір 1 миллионға жуық адамды құрайды. Олардың 55 пайызы еңбек ету жасында, ал 41,2 пайызы 18 жасқа дейінгі өскіндер. Сонда 5 пайызы ғана зейнеткерлік жаста. Ішкі көші-қон да күрделі мәселеге айналып отыр. Облысаралық және облыстың өз ішінде көшіп-қонушылар 5 миллион адам шамасында болды (1991-2008 жж.). Қазір ішкі көші-қон тұрақты 300 мың адамның көлемінде орнықты. Қазақстан Республикасы аумағына (аумағынан) келу, кету және болу мақсатына қарай көші-қонның мынадай негізгі түрлері бар: 1. білім алу мақсатында; 2. еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында; 3. отбасын біріктіру мақсатында; 4. тарихи отанына оралу мақсатында; 5. азаматтық алу мақсатында; 6. гуманитарлық және саяси уәждемелер бойынша; 7. туристік мақсатта. Қазақстан Республикасында көші-қон мәселесімен 10-ға жуық мемлекеттік орган айналысады. Бұл заң жобасында Үкіметтің, Сыртқы істер министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Әділет министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыреттері, өзара байланыстары айқындалып, нақтыланған. Заң жобасында сондай-ақ, заңсыз көші-қонның алдын алу мен көші-қон туралы заңнаманы бұзушылық үшін жауаптылық және дауларды шешудің қағидаттары қарастырылған. Ішкі көші-қонның стихиялық қоныс аударулары еңбек рыногының қалпын бұзып отыр. Мәселен, кейбір өңірлерде жұмысшы күші көп болса, кейбір аймақтарда ол жетіспейді. Мемлекеттік үйлестіру жұмыстарының жетімсіздігінен және әлеуметтік қолдаудың төмендігінен ішкі көші-қон әлеуметтік мәселені ушықтыратын топтардың өсуіне жол ашуда. Оған Алматы түбіндегі Шаңырақ, Бақай, Астана маңындағы Қоянды елді мекендеріндегі келеңсіз жағдайлар дәлел бола алады. - сондықтан да ішкі көші-қонды заңмен реттеу мәселесін шешу керек (Нұрлы көш); - ішкі көші-қон саясатын жетілдіру және болжауға қажетті мониторинг пен сараптама жасалынбай отырғанын айтуға тиіспіз; - бүгінгі ішкі көші-қон үдерістерін реттеу мен үйлестіруге қажетті сараптау мен болжау, ұсыныстар дайындау жеткіліксіз, тіпті жоқ десе де болғандай; - еңбек ресурстарын жұмылдыру бағытында ақпараттық талдау да, оларды үй-жаймен қамтамасыз ету мәселелері де ойластырылмаған. Бұл белгілі бір топтарды маргилану үдерісіне қатысушылардың санын арттырып, әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтар тарапынан әртүрлі заң бұзушылықтарға итермелейтін әрекеттерге баруына жол ашуы мүмкін. Ал Елбасы Н.Ә. Назарбаев: “Бізге заманауи талаптарға сай көші-қон саясаты қажет”, деген болатын. Сондықтан да заң жобасына қатысты жұртшылықтың, мамандардың ұсыныстары мен пікірлері көптеп қабылданды. Ұтымдылары жан-жақты қаралды. “Халықтың көші-қоны” туралы заң жобасына енгізілгендері де бар. Солардың кейбіріне тоқталсақ төмендегідей: Ішкі көшіп-қонушылар: бұрынғы тіркелген жерінен есептен шығарылған күнінен бастап он бес жұмыс күнінің ішінде мемлекет аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелуге міндетті; бір елді мекенде тіркеуі бар және бір жылдың ішінде отыз күнтізбелік күнге дейін басқа елді мекенде жүрген адамдар, бұрынғы тұрғылықты жерінен және әскери есептен тіркеуден шықпай-ақ, жүрген жері бойынша тіркеледі; ішкі көшіп-қонушылар уақытша болу орнында тұрғанына бір жыл өткенде он бес жұмыс күні ішінде бұрынғы тұрған жерінен тіркеуден шығуға және он бес жұмыс күні ішінде жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркелуге міндетті; қызмет міндеттерін атқаруы (емделуі) тұрғылықты тұратын жерінен тыс жерде ұзақ болуымен (бір жылдан артық) байланысты адамдардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуі, міндеттерін бұрынғы тұрғылықты жерінен және әскери есептен тіркеуден шықпай орындау үшін қажетті мерзімге жүзеге асырылады; тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде мемлекеттік баж алынады. тіркеудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды, делінген. Бұл мәселені оралмандар және Үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде шешкен жөн. Оның ашықтығы қамтамасыз етілуге тиіс. Сол себептен бұл мәселені шешу үшін көші-қон саласына байланысты заңдарға қазіргі қалыптасқан жағдайға сай етіп, толықтырулар мен өзгерістер енгізгеніміз жөн деп санаймын. Жазып алған Сәуле ДОСЖАНОВА, журналист.
Аман Бақтығалиұлы шығармалары насихатталды
Өнер • Кеше
Түркістанда жас ақындар айтысы өтті
Руханият • Кеше
Заң үстемдігі – кемел қоғамға бастар жол
Заң • Кеше
Ата заң • Кеше
Мемлекет басшысы Кемел Тоқаев атындағы мектеп-гимназияға барды
Президент • Кеше
Алматыда Human Capital форумы өтті
Қоғам • Кеше
Астанада Конституцияның 30 жылдығы қалай атап өтіледі
Ата заң • Кеше
Қазақстандықтар Конституция күніне орай неше күн демалады
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
ҚазҰУ-да Орталық Азияның IT мамандары бас қосты
Digital • Кеше
Ауыл мектептерінің өкілдері Қарағандыда бас қосты
Білім • Кеше
Тоқаев Қырғызстанның мемлекет және қоғам қайраткерлерін марапаттады
Президент • Кеше
Қоғам • Кеше
Президенттер жаһандық және аймақтық мәселелер туралы пікір алмасты
Президент • Кеше
Қырғыз-қазақ достығының құрметіне ескерткіш ашылады
Президент • Кеше
Импортқа есік ашық, өзімізге тосқауыл көп, неге?
Өнім • Кеше
Екі елдің ықпалдастығы жанданады
Президент • Кеше
Қазақстан Қырғызстан экономикасына 1,4 млрд доллар инвестиция салған
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров баспасөз брифингін өткізді
Президент • Кеше
Астанада әскери музыкант қайғылы оқиғаның алдын алды
Оқиға • Кеше
Президент Садыр Жапаровты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Кеше
Конституцияның түпнұсқасы қайда сақталған
Ата заң • Кеше
Қазақстан-Қырғызстан тауар айналымын ұлғайтады
Президент • Кеше
Егіс алқаптарын әртараптандыру қарқыны күшейді
Шаруашылық • Кеше
Мергендеріміз Азия чемпионатында 9 медаль жеңіп алды
Спорт • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Астана 2035 жылға дейін ауыз сумен толық қамтылады
Елорда • Кеше
Қ. Тоқаев «Ынтымақ Ордо» резиденциясына барды
Президент • Кеше
Әуе кемелерінің паркі жаңа ұшақтармен толықтырылады
ЖОЛДАУ • Кеше
Еңбек министрлігі жаңа зейнетақы мөлшерін жариялады
Қаржы • Кеше
Жетісу өңірінде білім сапасы артып келеді
Аймақтар • Кеше