19 Маусым, 2010

МАРАПАТ ИЕЛЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ ӨСТІ

504 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұха­меджа­нов­тың жетекшілігімен өткен осы палатаның соңғы жалпы отыры­сы депутаттарды марапат­таудан басталды. ТМД Парламен­тара­лық Ассамблеясының “Содру­жество” орденімен Мәжіліс депутаттары Ұзаққали Елеубаев, Сатыбалды Ибрагимов, Гүлжан Қарағұсова, Владимир Нехо­рошев және Кенжеғали Саға­диев марапатталды. Сондай-ақ ТМД ПАА Кеңесінің Құрмет грамо­тасына Мәжіліс депутат­тары Бекен Әлімжанов, Берік Бек­жанов, Қылышбай Бисенов және Рамазан Сәрпеков ие болды. Депутаттарды марапат­тарымен құттықтаймыз. “Егемен-ақпарат”. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР ТАҒЫЛЫМЫ Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде “Қазақстан Респуб­ли­касының кейбір заңна­малық акті­леріне сақтандыру мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу тура­лы” заң жобасы талқыланды, деп хабарлады осы палатаның баспа­сөз қызметі. Заң жобасы Қазақстан Рес­пуб­ликасының Қаржы секторын 2007-2011 жылдары дамытуға ба­ғытталған тұжырымдамасын жүзе­ге асыру аясында отандық және халықаралық тәжірибелер ескеріле отырып әзірленген болатын. Заң жобасының негізгі мақ­саты өмірді жинақтық сақтан­дыруды және сақтандыру нары­ғы инфра­құрылымдарын одан әрі дамыту шараларын қабылдау, сақ­тандыру делдал­дығы қызметі­нің негізгі құқықтарын бекіту, сақ­тандыру статистикасының толық­қанды базасын қалыптас­тыру арқы­лы тариф саясатының мәсе­лелерін шешу болып табылады. Заң жобасымен Азаматтық және Салық кодекстеріне, Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы кодекске, сондай-ақ “Сақтан­дыру қызметі туралы”, “Сақ­тандыру төлемдерін кепілдендіру қоры туралы”, “Көлік құралдары ие­лерін міндетті сақтандырудың азамат­тық-құқықтық жауапкер­шілігі туралы”, “Қаржы на­рығы мен қаржы ұйымдарын мемле­кеттік реттеу және қада­ғалау тура­лы” заң­дарға түзетулер енгізілетін болады. Заң жобасы палатаның қарауына жіберілетін болды. КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС КӨКЖИЕГІ Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Мұрат Әбенов бастаған көшпелі отырыс Индустрия және жаңа техно­ло­гиялар министрлігінде өткізілді. Алдымен палата депутаттары республикалық “Казгеоинформ” геологиялық зерттеу орталығы мен респуб­ликалық Эталон орталығына саяхат жасап, жұ­мыс­тарымен танысты. Көшпелі отырыс Эталон орталығының отырыс залында жалғасты. Онда Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев пен Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Мұрат Әбенов қысқаша сөз сөйледі. “KAZNEX ІNVEST” экспорт пен инвестициялар бойынша ұлттық агенттік” АҚ басқарма төрағасы Ерлан Арынов пен “Ұлттық инновациялық қор” АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әуелбек Тоғжанов баяндама жасады. Талқылау мен пікір алма­судан кейін Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Альберт Рау қоры­тынды сөз сөйледі, деп хабар­ла­ды Мәжілістің баспасөз қызметі.