Әскер • 17 Маусым, 2024

«Айбын» X халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті

87 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жиын өткен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу орталығында барлық қажетті инфрақұрылым жасалды. Онда шатырлы қалашық жабдықталып, жарыс алаңдары дайындалып, бағдарлар салынды, деп жазады Egemen.kz.

«Айбын» X халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті

Өткен демалыс күндері Алматы қаласына Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан әскери-патриоттық клубтарының 14-17 жас аралығындағы 750 жас патриоты барды.

«Әли» оқу орталығы аумағында орналасқан далалық лагерь нақты кестеге сәйкес өмір сүруде. Бүгін таңғы сапқа тұруда Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов туған күн иелерін құттықтады. Олардың қатарында Жамбыл облысы «Айбар» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Нияз Пашалиев, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі «Жас қалқан» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Арлан Ашербеков, ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Әлнұр Нұралы, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы «Батыс» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Айкөркем Аманқос және Павлодар облысы Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» мамандандырылған лицей-мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Арыстан Мүбарак бар.

ж

«Жарыстар басталды. Бағдарламада АК-74 автоматын жартылай бөлшектеу және құрастырудан нормативтерді орындау, «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар және Smart sarbaz байқауы бар», деп атап өтті «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы майор Мейірбек Меңдіғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, әскери-патриоттық жиын Кеңес Одағының Батыры, № 1 Халық қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орайластырылған.

Жиынның салтанатты ашылуы ертең көрнекті әскери қолбасшының есімімен аталатын Құрлық әскерлерінің әскери институтында өтеді.