Қазақстан • 14 Маусым, 2024

Бес айда темір жол көлігімен 102 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында ҚТЖ желісі бойынша 102,4 млн тонна жүк тасымалданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бес айда темір жол көлігімен 102 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

Фото: rail-news.kz

Республика бойынша жүк тиеу өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5% өсіп, 68,2 млн тоннаны құрады. Экспортқа темір жол көлігімен 34,2 млн тоннадан астам жүк жөнелтілген. Ал тас көмір тиеу 40,6 млн тоннаны құраса, оның ішінде ел ішінде 30,3 млн тонна қатты отын және де 3,7 млн тоннадан астам астық тасымалданды.

«2024 жылдың бес айының қорытындысы бойынша қара метал тиеу 6,8%, яғни 1,8 млн тоннаға дейін, темір кені мен марганецті тиеу 12,1%, 8,8 млн тоннаға дейін, түсті кен мен күкірт шикізатын тиеу 14%, 10 млн тоннаға дейін ұлғайды», дейді сарапшылар.

Ұнтақ өнімдерінің экспорты 2,3% (1 млн тоннадан астам), мұнай жүктері 9,5% (2,3 млн тонна), қараметалдар 5% (1,4 млн тонна), химиялық тыңайтқыштар 12% (550 мың тоннадан астам), темір кені мен марганец 8,4% (4,7 млн тонна) өссе, құрылыс жүктері 9% (142 мың тонна) артты.

Республика бойынша астықты тиеу 2% (956 мыңтонна), қара метал тиеу 12,5% (438 мың тонна), теміркені мен марганец тиеу 16,8% (4 млн тонна), түсті кен мен күкірт шикізатын тиеу 17,4% (8,5 млн тонна) ұлғайған.

Алтынай АБДЫШ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті