Өнер • Бүгін, 09:13

Мәдениеттер тоғысындағы «Forte trio»

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Forte trio» мемлекеттік триосы 29 наурыз бен 6 сәуір аралығында Алжир Халық Демократиялық Республикасында гастрольдік сапармен өнер көрсетіп қайтты. Көне Каирдан ордалы Оран қаласына дейін созылған бұл сапар музыка арқылы мәдениеттерді тоғыстыруға, жүректерге жылылық ұялатуға арналған ерекше бастама болды.

Мәдениеттер тоғысындағы «Forte trio»

Отандық музыканттар Солтүстік Аф­ри­­каның ең ірі сах­на­ларының бірі – Opéra d’Alger-де өнер көрсетіп, Алжир операсының симфо­­ния­лық оркестрімен бірге шығармашылық тәжірибесін ортаға салды. Концерт бағ­дар­ламасында Астор Пьяц­цолла мен Антонио Виваль­дидің классикалық туындылары, сондай-ақ ұлы Абай­дың рухынан шабыт алған француз композиторы Пьер Тиллуаның «Абайдың арманы» атты симфониялық шығармасы бар.

Алжирдің Мәдениет минис­трлігінің шақыруымен әрі Қазақстанның Алжирдегі елшілігінің қолдауымен жүзеге асқан сапар аясында трио мү­ше­лері «Higher National School of Music of Algiers» оқу орнында шеберлік сабақтарын өткізіп, жас музыканттармен тәжірибе бөлісті. Отандық орындаушылық дәстүрді таныстыру – гастрольдік са­пар­дың маңызды бір бөлігі болып тарих қойнауына енді.

«Forte trio» мем­ле­кет­тік трио­­сы – еліміздегі фортепиа­­но, ск­рипка, виолончельден тұратын ал­ғашқы һәм жал­ғыз мем­лекеттік ансамбль. Ұжымның көркемдік жетек­шісі – бел­гілі пианист, профессор Тимур Урманчеев. Құра­мында халықаралық бай­қаулардың лауреаттары Мақсат Жүсіпов (скрипка) пен Мұрат Нарбеков (вио­лончель) өнер көрсетеді. Құрылғанынан бергі 13 жыл ішінде трио халықаралық сахналарда Қазақстанның орын­дау­шылық мектебін танытып, әлемнің түкпір-түкпірінде музы­калық диалог орнатты. Гастрольдік картасына Ка­нада, Италия, Франция, Гер­мания, АҚШ, Аустрия, Чехия, Бразилия, Қытай және басқа елдер кіреді.

Иә, музыка шекараны білмейді. «Forte trio» дәл осыны көрерменге сездіріп, жүректерге ұмтылмас әсер қалдырды.

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07

Көктем шуағын еселеген саябақ

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Әмбебап медиаменеджер

Руханият • Бүгін, 08:53

Әдеби сынның бәсі қандай?

Әдебиет • Бүгін, 08:50