Алматы • Бүгін, 09:50

Алматыда дәріханалар рецептісіз дәрі сатқан: Қылмыстық іс қозғалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 30 наурыз бен 3 сәуір аралығында «Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс-шара аясында есірткі және психотроптық дәрілердің айналымы тексерілді, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда дәріханалар рецептісіз дәрі сатқан: Қылмыстық іс қозғалды

Фото: egemen.kz/ Қырмызы Жұмағалиқызы

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері мыңнан астам медициналық мекеме мен 300 кәсіпорынды тексерді. Нәтижесінде 209 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 73 кәсіпорын басшысы жауапкершілікке тартылды. 136 медицина қызметкеріне қатысты материалдар жиналды.

Сондай-ақ әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 жағдай анықтады. Ал дәріхана қызметкерлеріне қатысты 13 қылмыстық іс тіркелді.

Олжас Бектенов дәрілерді тіркеуді жеделдету және тарифтерді жеңілдету бойынша бірқатар тапсырма берді

«Алматыда рецептісіз дәрі сатқан төрт дәріхананың фармацевттеріне қатысты қылмыстық істер қозғалды. Ақтөбеде ірі фармацевтикалық мекемеге қатысты іс қозғалып, 400 мың дәрі тәркіленді. Түркістан облысында 100 тонна күкірт қышқылы арнайы күзетсіз тасымалданған. Абай облысында 680 тонна прекурсорды тасымалдау ережесі бұзылған», делінген ІІМ хабарламасында.

Наурыз айында дәрі-дәрмектердің бағасы 25%-ға арзандады

 

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07