Ауа райы • Бүгін, 10:03

7 сәуірге арналған ауа райы болжамы

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін бірқатар өңірде ауа райы күрт бұзылып, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. «Қазгидромет» синоптиктері бірнеше облыста қолайсыз метеорологиялық құбылыстарға байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

7 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Фото: Ашық дереккөз

Түркістан облысында күн райы тұрақсыз болады. Өңірде найзағай ойнап, бұршақ жауады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Таулы аудандарда нөсер жаңбыр күтіледі. Шымкент пен Түркістан қалаларында да жел күшейіпжоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында Алакөл маңында желдің жылдамдығы ерекше күшейіп, 30 м/с және одан да жоғары болуы ықтимал. Облыстың солтүстігі мен шығысында жел екпіні 15-20 м/с болады. Талдықорғанда да өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Алматы облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай ойнайды, жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Алматы және Қонаев қалаларында жоғары өрт қаупі сақталады. Медеу мен Бостандық аудандарында да осындай құбылыстар күтіледі.

Қызылорда облысының оңтүстігі мен орталығында найзағай, бұршақ және екпінді жел болжанған. Жел бағыты ауысып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Қызылорда қаласында күндіз найзағайлы бұршақ болуы мүмкін.

Ұлытау облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жезқазған қаласында да осындай ауа райы қалыптасады.

Қарағанды облысының солтүстік-батысында күндіз найзағай ойнайды, ал өзге өңірлерде тұман түседі. Қарағанды қаласында түнгі және таңғы уақыттарда тұман байқалады.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Абай облысында және Семей қаласында да түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Орал қаласында да осыған ұқсас жағдай сақталады.

Қостанай облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде тұман түседі. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қостанай қаласында түнде найзағай күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай және тұман болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Таразда түнде және таңертең тұман байқалады.

Ақтөбе облысында түнде бірнеше ауданда найзағай жарқылдап, жел екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбе қаласында желдің жылдамдығы 15-18 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында  және Өскемен қаласында түнгі және таңғы тұман күтіледі. Сонымен қатар өңірде бірінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай (НМУ) жарияланған.

Ақмола облысында күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен найзағай болады. Түнде және таңертең тұман түсіп, жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысының бірқатар бөлігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Кей өңірлерде тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Петропавл қаласында күндіз найзағай, түнде және таңертең тұман байқалады.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылады

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының құбылуына байланысты сақтық шараларын күшейтіп, алыс жолға шыққанда мұқият болуға шақырады.

Нөсер жаңбыр мен дауыл: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07