Күдікті жол апатынан кейін ауруханаға жеткізіліп, медициналық мекемеде күзетпен бақыланған болатын. Енді ол сот санкциясымен қамауға алынды.
Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Алматыда жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, Zeekr көлігі тағы бір көлікпен жарысқа түскен болуы мүмкін. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, күдікті жүргізуші апат кезінде жеңіл дәрежеде мас күйде болған.
Жол апатынан кейін Алматыда көлік қозғалысына бақылау күшейтіліп, полиция басшылары қызметінен босатылды.