Қоғам • 13 Маусым, 2024

Тұрғын үй кезегінде 651 мың адам тұр - сенатор

23 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұрғын үй сатып алу халықтың едәуір бөлігі үшін, әсіресе жастар мен аз қамтылған топтар үшін қолжетімді емес. Бұл мәселені сенатор Бауыржан Қаниев көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғын үй кезегінде 651 мың адам тұр - сенатор

Фото: senate.parlam.kz

Сенатор Бауыржан Қаниевтің айтуынша, әлеуметтік тұрғын үй құрылысына бөлінетін қаржы жеткіліксіз, жаңа құрылыстардың сапасы төмен және әлеуметтік тұрғын үй кешендерін салу қарқынынан инфрақұрылымның құрылысы артта қалды. Бүгінде аталған мәселе өзекті болып отыр.

«Қазірдің өзінде кезекте 651 мың адам тұр, көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 8 есе өсіп отыр. Әлеуметтік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру көлемі халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде қандай кешенді шаралар қабылданып жатыр? Іске асырылған тұрғын үй бағдарламалары бойынша талдау бар ма, оның ішінде қандай мәселелер көтерілді?», деп сұрады сенатор Өнеркәсіп және құрылыс министрінен.