Жәдігер • 05 Маусым, 2024

Көнеден жеткен тас мүсін

34 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таңғажайып тас мүсін облыстық тарихи-өлкетану мұражайына 1986 жылы тап­сы­рылған. Музей мамандары мұны Тобыл ойшылы немесе антропоморфты тас мүсін деп атайды.

Көнеден жеткен тас мүсін

Екі қолын қу­сы­­рып сонау көк­­жиекке көз тік­кен қалпы бүкірейіп отырған жұмбақ мүсін Қостанай қаласының іргесіндегі қазіргі Аман­гелді елді ме­­кенінің ма­ңынан та­былған. Мүсін ақшыл сары түсті ірі түйір­шікті құм­тастан қа­шалған.

Мүсіннің биіктігі – 19-ақ сантиметр. Ғалым­дардың болжамынша, қолөнер туындысы энеолит дәуірінде жасалған. Бұл – шамамен біздің зама­нымызға дейінгі үшінші мыңжылдықтың соңы, екінші мыңжылдықтың бас кезі.

«Бетіне бір сызат түспеген. Жағы жайлап кеуденің жоғары тұсына ұласады. Тек иегі ғана алға шығып тұр. Аузы ойық сызықпен көрсетілген. Денесінің алдыңғы бөлігі өңделмеген, ешқандай ойығы жоқ. Жұмыр келген арқасы ептеп өңделген. Қазір бұл антропоморфты мүсін Тобыл ойшылы деп аталып жүр. Қалай болғанда да, Тобыл өзенінің жағасынан табылған тас жәдігерге тіл бітсе, көне өркениеттің талай жұмбағын сыр ғып ақтаратыны анық», дейді музей мамандары.

 

Қостанай облысы