Таным • 04 Маусым, 2024

Ғалам ғажаптары: Желаяқ

18 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Адам баласы 20 секундта не істеп үлгереді? Талабын еңбекпен суарған жанға тарихта қалу үшін осы қас қағым сәт те жеткілікті екен.

Ғалам ғажаптары: Желаяқ

Әмин Тұя­қов – қазақтан шық­қан жеңіл ат­летші. Тіпті жү­­­гірумен ай­на­­лыс­­пайтын адамның маң­ғыс­тау­лық жел­аяқ­тан үйренері көп. Оның ең­бек жолына үңіл­сек, ол әр­бір уақытын өте үнем­ді пай­дал­ғанын кө­ре­міз. Соның ар­қасында өнімді нәтижеге жеткен. 20,6 секундта 200 м қашықтыққа жүгіріп өтіп, одақтың рекордын жаңартады. Шіркін, шынымен аңыз адам ғой!

 

5 маусым

а

Трендтердің бастау бұлағы АҚШ екенін бүкіл әлем мойындап қойған. Ал бүгінгі күн сол трендтердің ара­­сындағы адамзат үшін ең пай­да­лысы десек те болады.

5 маусым – дүниежүзілік жүгіру күні. Алғашында жеңіл атлетшілердің кәсіби мерекесі деп саналғанымен, бүгінде әрбір саламатты өмір салтын ұстанушы адам үшін бұл күннің орны бөлек. Жердің түкпір-түкпірінен миллиондаған адам  жұдырықтай жұмылып, арнайы эста­фетада алма-кезек жүгіреді. Жаңа Зелан­диядан бастап Аустралия, Жапония, Еуро­па, Африка, Оңтүстік және Солтүстік Аме­рикаға дейін жалғасады.

Таңертең қалаңыздың алаңдарында спортшылар көбейсе, таңғалмай бірге жаттығып көріңіз. Жыл бойы түрлі мереке тойланып жатқанда мұндай күннен қапы қалмағанымыз жөн.

 

Ерекше марафоншы

м

Канадалық Терри Фокс – ерекше жан. Ол ампутацияланған аяқпен 5000 км жүгіріп өткен.

Оған 19 жасында сүйек қатерлі ісігі диагнозы қойылған. Дәрігерлер аяғын тізеден төмен кесіп тастаған. Қайратты жігіт сонда да мойымады. Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға көмектесу үшін «үміт марафонын» жасады. Ол жүгіру арқылы елінің түкпір-түкпірін шарлап, әр канадалықтан кем дегенде бір доллар жинады. Таңғаларлығы, үшжылдық жаттығудан кейін Терри протезбен Атлант мұхитын бетке алып, күніне орта есеппен 42 км жүгірді. Алайда 143 күндік жүгіру мен 5373 шақырымнан кейін оның демі үзілді. Дегенмен жанашыр жанның науқаны 24 миллион доллар жинап, қаншама жанның өмірін сақтап қалды. 

 

Дайындаған –

Әсем ЖАНАТОВА,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар