Фото: Видеодан алынған кадр
Адвокаттың айтуынша, шағымды Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметов түсірген. Екеуі де сот үкімімен келіспей, өздерін кінәсіз деп тануды сұрап отыр.
«Шерзат ісі бойынша кассациялық шағымдар түсті. Алайда олармен толық танысу мүмкіндігі бізде енді ғана пайда болды. Сот отырысы ертеңге, яғни 7 сәуірге белгіленген», деді қорғаушы.
Еске салайық, 2025 жылдың мамыр айында сот үкімі шығып, Азамат Тоқтаубаев 15 жылға, ал Дидар Қалиахметов 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Еске салайық, қайғылы оқиға 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні Талғар қаласында болған. 16 жастағы Шерзат Полат әкесіне дүкенде көмектесіп жүрген кезде, агрессивті сатып алушымен жанжал туындаған. Кейін әлгі адам таныстарын шақырып, олар келіп Шерзатты, оның әкесі мен ағасын аяусыз соққыға жығып, пышақ пен мылтық қолданған.
2025 жылғы 5 шілдеде сот 9 айыпталушыға үкім шығарды. Тергеу нұсқасы бойынша, негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл Шерзатқа өлімге әкелген пышақ жарақатын салған. Ол 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ Равиль Сакиев 20 жылға сотталды. Азамат Тоқтаубаев бұрынғы соттылығын ескере отырып 15 жылға, Нұрқияс Ілиясов 9 жылға кесілді.
Ал Шыңғыс Белгожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев және Дидар Қалиахметовтің әрқайсысы 7 жылдан жаза алған.
Кәмелетке толмаған айыпталушы 1 жыл 6 айға сотталып, кейін бұлтартпау шарасы өзгертіліп, 25 шілдеде бостандыққа шыққан.
Өткен жылдың тамыз айында апелляциялық сот алқасы 8 сотталғанға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырған еді. Енді іс кассациялық сатыда қайта қаралмақ.
Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар апелляциялық шағым түсірді