Аймақтар • 02 Мамыр, 2024

Ардагерлерге құрмет

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматы облысында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтіп жатыр, ол экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, аға буын – ардагерлерді де қолдауға арналған.

Ардагерлерге құрмет

Акция аясында мыңнан астам ардагерлер мен қарт тұрғындардың үйлерін абаттандырып, тазарту жұмыстарына еріктілер мен жастар көмектесіп, қыруар іс тындырды. Солардың арасында Іле ауданының ақсақалдары Сүлеймен Жұмабеков пен Владимир Удовиктің үйлерінің аумағына облыс әкімінің қатысуымен жеміс ағаштары отырғызылды.

«Бірлік күні экологиялық акция аясында біз өлкемізді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Аға ұрпақты құрметтеу – әр ұлт дәстүрінің ажырамас бөлігі. Біз отырғызған алма ағаштары жайқалып өсіп, жазда саялап, күзде дәмді жемісін көрулеріңізді тілеймін», деп атап өтті өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев.

Бірлік күні аймақты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарында тұрғындар ауызбіршілік танытып, бірліктерін бекемдей түсті.

Айта кетейік, «Өнегелі ұрпақ» акциясына Алматы облысының 5 мың еріктісі қарттардың үйлерін ретке келтіріп, сондай-ақ олардың аулаларына абаттандыру жұмыстарын жүргізеді. Аталған іс-шаралар өңірдің барлық тұрғыны үшін жайлы және таза орта құруға бағытталған.

Ұ.Исабек.

 

Алматы облысы