Спорт • 05 Сәуір, 2024

Grand Prix-2024: Ерғали Шәмей қола медаль жеңіп алды

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан дәстүрлі халықаралық «Grand Prix – 2024» додасында елордалық спортшы Ерғали Шәмей қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Grand Prix-2024: Ерғали Шәмей қола медаль жеңіп алды

Фото: Астана әкімдігі

Қазақстан пара дзюдо федерациясы мәлім еткендей, Ерғали Шәмей 73 келіге дейінгі салмақта J1 санатында үздік үштікке ілікті.

Ол – ел намысын қорғаған, пара дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі.

Айта кетсек, аталған байрақты бәсекеге елімізден барлығы 17 спортшы қатысты.