Фото: baq.kz
Ал екі бейіндік пән төрт нұсқаның ішінен бір дұрыс жауапты 25 тапсырмадан, контекст негізінде жасалған төрт нұсқаның ішінен бір дұрыс жауапты 5 тапсырмадан, сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырмадан және алты нұсқаның ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар (үш дұрыс жауаптан көп емес) 5 тест тапсырмасынан құралған.
«Талапкерлерде бір немесе бірнеше дұрыс жауаптары бар тапсырмалар мен сәйкестікті анықтауға арналған тапсырмалар бойынша сұрақтар туындайды. Олар қалай бағаланады? Толығырақ жауап берсем. Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында: дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен; бір дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен; екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен бағаланады. Екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында: екі дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен; бір дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен; бір дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен; екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен; екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен бағаланады. Үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында: үш дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен; екі дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен; екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен; үш дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен; тек бір дұрыс жауапты не екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен бағаланады.
Сәйкестікті анықтауға арналған тапсырмаларда бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмаларды бағалауға ұқсас бағалау алгоритмі қолданылады, бір маңызды шарты - бұл тапсырмаларда әрқашан екі дұрыс жауабы болады», деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
2023 жылы министрлік тест тапсырмаларында дистракторлар санын (жауап нұсқалары) қысқарту туралы шешім қабылдады. Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін азайды.