
Фото: Ақорда
Сонымен қатар келіссөздер барысында цифрландыру және электрондық үкімет саласындағы ынтымақтастық әлеуеті талқыланды.
Тараптар экономика саласын цифрландыру үшін тәжірибе алмасуға және ақпараттық байланысты күшейтуге уағдаласты.
Мемлекет басшысы су-энергетика саласындағы қарым-қатынасты үйлестіру мәселесіне айрықша тоқталды.
«Трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану аймақтағы тұрақтылық пен орнықты дамудың маңызды факторына айналып отыр. Осы бағыттағы ынтымақтастықты жалғастырған жөн деп санаймыз. Біз барлық келісімді мүлтіксіз орындауға және стратегиялық маңызы бар бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін күш-жігерімізді жұмылдыруға дайынбыз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.