
Еліміздің әр өңірінен келген 12 жас ақын елдік мүдде, ұлттық рух, еңбек адамдарының мәртебесі, тарихи тұлғалар мұрасы сынды тақырыптарды жырға арқау етті. Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені Ахметрасул Баянбай (Түркістан облысы) иеленді. Жүлделі I орынға Мұхтар Қонарбаев (Астана қаласы), ІІ орынға Аян Ниязбек (Түркістан облысы) пен Арай Нұрадин (Ақтөбе облысы), III орынға Нұрмұхаммед Байсүгіров (Қарағанды облысы) пен Нұрмахан Жақыпбек (Түркістан облысы) лайық деп танылды. Сонымен қатар Әбдікерім Манап атындағы арнайы жүлде сорлтүстікқазақстандық Бейісхан Хавдоллаға, Қаныбек Сарыбаев атындағы жүлде Мұхаметқан Сіләмханға (Түркістан облысы), Жарқынбек Наушабеков атындағы жүлде Өмірбеков Нұрдәулетке (Түркістан облысы), Әселхан Қалыбекова атындағы арнайы жүлде Нұрғали Әнәпияға (Шымкент қаласы), Тәушен Абуова атындағы арнайы жүлде Тұрсын Шынарбекке (Алматы облысы), Түркістан облыстық мәдениет басқармасының арнайы жүлдесі Бекарысұлы Шахмарданға (Түркістан облысы) табыс етілді.
Марапаттау рәсімінде облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев жеңімпаздарды құттықтады. Ал қазылар алқасының төрағасы, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков жас ақындарды қолдау мақсатында мұндай айтыстардың маңызы зор екенін жеткізді.
Түркістан облысы