Көрме • 20 Қараша, 2023

Сыр әлемімен сырласты

254 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану му­зейінің филиалы – С.Айтбаев атын­дағы көр­кемсурет галерея­сы­ның «Сырдың сырлы әлемі» атты жылжы­малы көрмесі Батыс Қа­зақстан облысына келді.

Сыр әлемімен сырласты

«Атамекен» өнер ордасында екі апта тұратын көр­ме­нің мақсаты – екі облыс суретшілерін мәдени және рухани байланыстырып, өзара шығармашылық тәжірибе ал­масуға мүмкіндік жа­сау, Қы­зылорда облысы сурет­ші­лерінің туындыларын Орал халқына көрсету. Көр­меде Әбілхан Қас­теев, Ольга Ку­желенко, В.Кузенков, Гүл­файруз Исмай­лова сынды қазақ ұлттық сурет өне­рі классиктерінің шы­ғар­ма­ларынан бастап, отан­дық жаңа бағыт өкіл­дері Са­ли­хит­дин Айт­баев, Әбіл­қа­сым Сәр­сен­баев, Шә­кірбек Са­менов, Яс­би Ағытаев, Аман­келді Ке­ненбаев, Әбділда Абыз­беков, Жаңаберген Осым­бетов, Өркен Мамақова, т.б. танымал өнер иелерінің барлығы 73 туындысы қо­йылды.

Көрменің ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тіл­дерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орын­басары Қуанышбек Мұ­ханғалиев сөз сөйлеп, Сыр елінен рухани-мәдени істі бастап келген қонақтарға Ақ­жайық жұртының атынан алғыс білдірді. Ал Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сапар Кө­зейбаев қонақжайлық та­ныт­қан «Атамекен» өнер ор­дасының директоры Бауыржан Халиоллаға ризашылық біл­діріп, көркемсурет қорына картина сыйға тартты.

«Қазіргі таңда С.Айтбаев атындағы көркемсурет гале­рея­сының қорында 800-ге жуық құнды туынды бар. Біз Оралға жоғарыда аты аталған өнер иелерінің шығармасынан бөлек, галерея қорындағы өз­бекстандық суретші Дилором Ма­медованың пастоздық техникада орындалған «Арал маңындағы ауыл» картинасы мен қырғыз суретшісі Урмат Сереңовтің «Қорқыт ту­ралы аңыз» картинасын әкелдік. Сыр елінің тарихын шы­ғар­ма­­шы­лығына арқау еткен Те­мірбек Сағымбаев, Нұркен Қа­лым­бетов, Ұлмекен Мауы­това, Дәу­летбек Тойшы­баевтың жұ­­­мыс­тары да көрер­менді бей­жай қалдырмас деген ойда­мыз», дейді Сапар Әлиас­қарұлы.

 

Батыс Қазақстан облысы