Қоғам • 25 Сәуір, 2023

Балалар үшін арнайы SIM карталар енгізіле ме?

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін өткен Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда балаларға арналған арнайы SIM карталарын енгізу мүмкіндігі жөнінде айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балалар үшін арнайы SIM карталар енгізіле ме?
Бағдат Мусин балаларды заңсыз әрі қауіпті контенттен қорғаудың түрлі нұсқалары зерттеліп жатқанын айтты.
«Біз бәріміз, негізінен, балаға қажет емес сайттар бұғатталып, тек дамуға көмектесетіндері ғана қалатын балаларға арналған «ақ интернет» мәселесін зерттеп жатырмыз. Біз осыны іске асыруды жоспарлап отырмыз және мұндай тарифтік жоспарды ұялы байланыс операторлары сатады деген нұсқаны қарастырып жатырмыз», деп жауап берді ол.

Сондай-ақ ол қазір сан алуан мобильді тарифтер бар екенін, «тағы бір тарифтік жоспар артық етпейтінін» айтты.

Еске сала кетсек, 21 сәуірде Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан балаларға арналған арнайы SIM-карта енгізу идеясын ұсынған еді.