Қоғам • 20 Сәуір, 2023

Қазақстанда мемлекеттік алимент қорын құру ұсынылды

337 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаты Магеррам Магеррамов шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанда мемлекеттік алимент қорын құруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда мемлекеттік алимент қорын құру ұсынылды

Магеррам Магеррамов бұрынғы күйеулерінен ортақ балаларының пайдасына алимент ала алмай жүрген әйелдер ҰКП-ға жүгінетінін атап өтті. Алименттен жалтарғандар түрлі айла-амалдарға жүгінеді: жасырынып, жұмыс орнын өзгертеді, нақты кірістерін төмендетеді, тұрғылықты жерін жасырады.

Депутаттың айтуынша, алимент төлейтін адамды сот орындаушысына және алимент алушыға жұмыс орнының немесе тұрғылықты жерінің өзгергені туралы, сондай-ақ қосымша табыстың немесе өзге де табыстың бар екендігі туралы хабарлауға міндеттейтін заңнамалық норма орындалмай жүр.

Депутаттың мәліметінше, іс жүргізуде 273 136 іс бар, балаларға арналған алимент бойынша қасақана төлемейтіндердің берешегі 12,8 миллиард теңгені құрайды.

«Біз Үкіметтің осы өткір әлеуметтік мәселені шешу үшін шара қабылданып жатқанын, «Алимент төлеудің отыз қадамы» сияқты арнайы бағдарламалар құрылғанын естідік, алайда балалардың пайдасына алимент өндіріп алу мәселесі жыл сайын нашарлай түсуде. Біздің партия алғаш рет алтыншы шақырылымда алимент өндіріп алу мәселесі бойынша мәселені көтерді, содан кейін берешек 2 миллиардты құрады. Бүгінгі таңда, қарыз 12 миллиардтан асады», деді Магеррам Магеррамов.

Ол өндіріп алу кезінде алимент төлеу сомасы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауы керек деп санайды.

«Біз шет елдердің тәжірибесі бойынша мемлекеттік алимент қорын құруды ұсынамыз. Бұл бала үшін құрылған мемлекеттік көмек болар еді. Қазақстанда да қор құру тәжірибесі бар, мәселен, 2018 жылы «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заң қабылданды», деді Магеррам Магеррамов.

Айта кетсек, Қазақстанда алимент төлеудің қазіргі жүйесі 1936 жылдан бастап жұмыс істейді. Алимент төлеушілердің ең көп саны: Астана – 13 848 (3571 проблемалық), Алматы облысы – 20 131 (676 проблемалық), Қарағанды облысы – 23 265 немесе (1642 проблемалық), Шығыс Қазақстан облысы - 20 138 (1682 проблемалық) және Түркістан облысы – 18 663 (558 проблемалық).