
Мерекеге орай Атырауға барған Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Премьер-Министрдің құттықтауын жеткізді. Еңбек озаттары марапатталды: республика бойынша 13 адам «Еңбек сіңірген қызметкер», 21 адам «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісіне, 25 адам министрдің Құрмет грамотасына ие болды.
Салтанатты іс-шара аясында жаңа техника мен көліктер беріліп, балық өсіру фермалары мен өңдеу кәсіпорындарының өнімдері таныстырылды. Елде 12 мыңнан астам адам жұмыс істейтін салада 1340 шаруашылық бар. Жыл сайын 45 мың тонна балық ауланып, 600-ден астам шаруашылықта балық өсіріледі. 2024 жылы 74,7 млн доллардың балық өнімі экспортталған.