Қазақстан • 28 Ақпан, 2023

Әлихан Смайылов құтқарушыларға алғыс білдірді

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлердің су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралып жатқан Үкіметтің кезекті отырысында Премьер-министрі Әлихан Смайылов Түркиядағы құтқару жұмыстарына атсалысқан еліміздің ТЖМ қызметкерлеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлихан Смайылов құтқарушыларға алғыс білдірді

«Ең алдымен, бауырлас Түркия Республикасына барып, жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарды құтқаруға атсалысқан Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Біздің мамандарымыз кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті, бастарын қатерге тігіп, мәртебелі міндетті абыроймен орындады», деді Үкімет басшысы.