Әлем • 19 Ақпан, 2023

Бүгін Түркияда іздеу-құтқару жұмыстары аяқталады

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Кахраманмараш провинциясында болған екі жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 40 642 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгін Түркияда іздеу-құтқару жұмыстары аяқталады

Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы табиғи апаттармен және төтенше жағдайлармен күрес департаментінің (AFAD) басшысы Юнус Сезер мәлімдеді.

Оның айтуынша, апат аймағындағы іздестіру-құтқару жұмыстары бүгін, 19 ақпанда аяқталады.

«Қазір іздеу-құтқару жұмыстарына 13 мыңға жуық адам қатысуда. Шетелден көмекке келгендерге шын жүректен алғыс айтамын. 80 елден келген құтқарушылардың бір бөлігі отанына оралды», деді AFAD басшысы.