Әлем • 18 Ақпан, 2023

Түркияда көз жұмғандар саны 40,5 мыңнан асты

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Табиғи апаттарды жою басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезер Түркияда болған жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 40 642-ге дейін өскенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда көз жұмғандар саны 40,5 мыңнан асты

Тағы 108 068 адам зардап шекті. 430 мыңнан астам адам апат аймағынан басқа өңірлерге шығарылды.

«Өкінішке қарай, қаза тапқандар саны артып келеді, қазіргі уақытта құрбан болғандар саны 40 642-ге жетті», деді Сезер.

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті баллдан асатын екі жойқын жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04:17-де – 7,7 балл және 13:24-те - 7,6 балл).