Әлем • 18 Ақпан, 2023

Үйінді астында 296 сағат жатқан үш адам құтқарылды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркиядағы жер сілкінісінен кейінгі 296-шы сағатта Хатай қаласының орталық ауданындағы пәтердің қирандыларынан үш адам, оның ішінде бала құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үйінді астында 296 сағат жатқан үш адам құтқарылды

Іздестіру-құтқару жасақтары, оның ішінде Қырғызстаннан келген құтқарушылар жүргізген қарқынды зерттеу барысында үш тірі адам үйінді астында жатқаны анықталды.

Нәтижесінде, құтқару топтары әлі жеке басы анықталмаған баланы, әйелді және ер адамды алып шықты.

Зардап шеккендер ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілді.