Әлем • 18 Ақпан, 2023

Түркияда қаза тапқандар саны 40 мыңға жуықтады

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 39 672-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияда қаза тапқандар саны 40 мыңға жуықтады

Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу бұл ақпаратты растады.

Оның айтуынша, іздестіру-құтқару жұмыстарының басым бөлігі аяқталған, құтқарушылар 20 мыңнан астам ғимаратты тексерген.

Еске сала кетсек, 6 ақпанда Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7 балдан асатын екі жойқын жер сілкінісі болды.
Президент Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарына байланысты Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.