Спорт • 24 Қазан, 2022

Бейбіт Жұқаев Франциядағы теннис турнирінде финалға шықты

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (АТР рейтингінде 332-орын) Брестте (Франция) өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне жақындады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейбіт Жұқаев Франциядағы теннис турнирінде финалға шықты

Квалификацияның жартылай финалында Жұқаев эстониялық Марк Лайалды (475-орын) екі сетте – 6:4, 7:6 есебімен ұтты. Финалда қазақстандық франциялық теннисші Саша Геймар Вайенбургпен (413-орын) негізгі сетке шығу үшін күш сынасады.

Бресттегі турнирдің жүлде қоры 67 960 еуроны құрайды. Жеңімпаз 9200 еуро мен 90 рейтингтік ұпайға ие болады. Бейбіт Жұқаевтың биылғы ITF Challengers турниріндегі ең үздік өнері – Астана мен Нонтабуридегі (Таиланд) турнирлерінің жартылай финалы.