Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2022

Қазақстан «ИЫҰ-15» тобын құру жөнінде бастама көтерді

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясы аясында өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) мүше мемлекеттердің жыл сайынғы үйлестіру кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан «ИЫҰ-15» тобын құру жөнінде бастама көтерді

Іс-шара барысында ислам әлемін дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары қаралды. Экономика, сауда, көлік, мәдениет, ғылым және технологиялар, туризм және денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар, су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Қазақстандық дипломат халқы мұсылман елдердің мәселелеріне ИЫҰ белсенді қатысуы тиіс деген пайымын білдірді. Сондай-ақ ғылым мен технология саласындағы 15 жетекші мұсылман елін біріктіретін «ИЫҰ-15» тобын құру жөніндегі қазақстандық бастаманың өзектілігін және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының рөлінің өскенін атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше