Теннис • 15 Қыркүйек, 2022

Елена Рыбакина Словениядағы жарыстың ширек финалына өтті

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Порторож (Словения) WTA 250 жарысының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Egemen.kz теннис федерациясына сілтеме жасап.

Елена Рыбакина Словениядағы жарыстың ширек финалына өтті

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 66-ракеткасы, чехиялық Тереза Мартинцовамен шеберлік байқасты.

Елена Рыбакина бірінші партияда 0:4 есебімен ұтылып жатып, қатарынан алты геймді алды - 6:4. Екінші сетте Елена айқын басымдылық көрсетті - 6:1.

Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 92-ракеткасы, украиналық Леся Цуренкомен кездеседі.