Оқиға • 23 Тамыз, 2022

Мексикада тағы бір журналист қаза тапты

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексиканың батысындағы Герреро штатында La Realidad Escrito газетінің шолушысы Фредид Роман қарулы шабуылдан қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Мексикада тағы бір журналист қаза тапты

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылдаушылар журналистің көлігіне оқ жаудырған. 

Оқиға штат орталығы - Чильпансинго қаласында болған. Романның денесіне бірнеше оқ тиген.

Алған жарақатынан қаза тапты. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты тергеуді бастады. 2022 жылдың қаңтарынан бері Мексикада 15 журналист қаза тапты.