
Жукаев жартылай финалда жарыстың екінші ракеткасы, үндістандық Праджнеш Гуннесваранмен шеберлік байқасты. Ақтау теннис мектебінің түлегі 2 сағат 6 минутқа созылған кездесуде 4:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық теннисші бәсеке барысында 13 эйс жасап, 2 брейкке қол жеткізді. Бебіт елордадағы доданың финалында өзбекстандық Сергей Фоминмен бас жүлдені сарапқа салады.
Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев жұптық сында Беларусь өкілі Иван Лютаревичпен бірге финалда эстониялықтар Даниил Глинка - Карл Саарға есе жіберді - 6:7, 3:6.