Қоғам • 23 Наурыз, 2022

Ресей мен Украина шиеленісі Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?

546 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

21 ақпан күні кешке Ресей президенті Владимир Путин Украинаның шығысындағы Донецк және Луганск халық республикаларын мойындау туралы жарлыққа қол қойып, әскер жіберу туралы бұйрық берген. Бұған Донбасстағы жағдайдың шиеленісуі себеп болып отыр. Ал Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің бұл әрекетін «Украинаның аумақтық тұтастығын бұзу» деп атады.

Ресей мен Украина шиеленісі Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?

Осы ретте әлеуметтік желі қолданушылары әртүрлі пікір жазып, өз ойларымен бөлісіп жатыр. Абдулахад Сманов фейсбукте өз ойымен бөлісіп, пікір білдірді.

«Кей адамдар солтүстіктегі көршіміз Украинадан соң бізге де тиісуі мүмкін екенін айтып, ел-жұртты үрейлендіріп жатқанын байқап қалып жатырмын.

Менімше, ата-бабаларымыздың жасаған дұғасының жемісі болса керек, қазақ халқына - Алла Тағаланың мейірі түскен халық.

Еліміз тәуелсіздіктің алғашқы жылдары сындарлы, қиын кезеңдерді бастан өткерді. Тәуелсіздік алған жылдары еліміздегі халық санының 38 пайызын ғана қазақтар құраған. Бүгінде еліміздегі этноқұрам бойынша қазақстардың саны 70% пайызға жақындап қалды. Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көршілес елдермен шекарамызды шегендеді.

«Тәуелсіздік алған Қазақ­станның алдында тағдыршешті таңдау тұрды. Жас мемлекет әлемдік геосаясаттағы орнын анық­тап алуға тиіс еді. Бұл туралы Елбасы былай деп еске алады: «Қазақстан қандай ел болады? Азия мен Еуропаның арасына көпір бола ма? Немесе «Солтүстік – Оңтүстік» осіне айнала ма?»

Бүгінде жағдай тіптен күрделі, Қазір еліміз көпвекторлы халықаралық саясат ұстанып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы», деді.

Ендеше, біз өскелең ұрпақты барша жұрт мақтан тұтатын тарихи тұлғалардың тағылымы арқылы тәрбиелеуіміз керек», дейді Абдулахад Сманов.