Әлем • 25 Ақпан, 2022

Қырғызстан өз азаматтарын Украинадан эвакуациялауда

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан билігі өз азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмыстарын қарастыруда, деп жазады Egemen.kz.

Қырғызстан өз азаматтарын Украинадан эвакуациялауда

Қырғызстан билігі Украина аумағында жүрген отандастарын эвакуациялауға шешім қабылдады. Бұл туралы Қырғыз мемлекетінің СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент Украинадағы жағдайдың шиеленісуіне және әуе шекараларының жабылуына байланысты Украина аумағынан кеткісі келетін отандастарын эвакуациялау нұсқаларын дайындай бастағанын атап өтті.

Қазіргі уақытта Украинада Қырғызстанның 1357 азаматы қалып қойған, олардың 300-ден астамы 25 ақпан күні еліне қайтуға өтініш білдірген. 

Аяна Тоғанбек