Әлем • 17 Ақпан, 2022

Таиланд астанасының атауын өзгертпек

743 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тайланд корольдік қоғамының кеңсесі ел астанасының ресми атауын Бангкоктан Крунг Тэп Маха Накхонға өзгертетіндерін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Таиланд астанасының атауын өзгертпек

Тайланд кабинеті сейсенбіде елдердің, аумақтардың, әкімшілік аймақтар мен астаналардың атауларын жаңарту жобасын мақұлдады. 

Осылайша, кейбір басқа елдердегі астаналар мен географиялық атаулардың емлесі өзгертілді. Атап айтқанда, Италия астанасының атауы Римнің орнына Рома, Мьянма астанасы - Янгонның орнына Най Пи Тау, Непал Корольдігі - Непал Федеративті Демократиялық Республикасы деп жазылады. 

Бангкоктың жаңа атауы оны барлық заң жобаларын қарауға жауапты арнайы комитет қарағаннан кейін бекітіледі. 

Айта кетсек, тай тілінде Таиланд астанасы әрқашан Крунг Тэп Маха Накхон деп аталады.