Қазақстан • 11 Қаңтар, 2022

Депутат: Смайыловтың Үкіметіне сын да, үміт де көп болады

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгертуге мүдделі екенін көрсетті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутат: Смайыловтың Үкіметіне сын да, үміт де көп болады

«Ең алдыменен билік халықтың сенімін қайтарып алуы керек. Билік халыққа есепте болуы және билікпен халық бірге болуы керек. Бұл халықтың да айтып отырған талабы.

Мемлекет басшысы қазіргі қоғамда әлеуметтік-экономикалық әділетсіздік туғызып отырған мәселелерді тізіп айтып, мемлекеттік институттарды қалай дамыту керектігі туралы нақты бағыттар берді. Егерде ол нәтиже бермесе, ол институттардың таратылатындығы туралы айтты. Бұл халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді және жастардың, әсіресе, жұмыссыз жастардың экономиканың бір мүшесі екенін сезінулеріне мүмкіндік береді», дейді ол.

Сондай-ақ депутат бүгін бекітілген Премьер-министрдің кандидатурасын қолдайтынын жеткізді.

«Әрине, Смайыловтың үкіметіне сын да, үміт де көп болады. Сондықтан да бұл Үкіметтен күтеріміз көп. Экономикалық реформаларды тездетіп жүзеге асыруымыз керек.

Ал енді осылардың бәрін жүзеге асыру үшін билікте халықтың өзінен шыққан, халыққа жаны ашитын, өз мүддесінен халықтың мүддесін жоғары қоятын азаматтар болу керек. Бізде басқа жол жоқ», деді Ләззат Сүлеймен.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025