Фото: ІІМ
Министрліктің мәліметінше, акция басталғалы бері 4 мыңнан астам стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды. 722 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде 227 мыңнан астамы қоғамдық орындарды ластау, ал 496 мыңға жуығы абаттандыру қағидаларын бұзған. Нәтижесінде үш мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды. Сондай-ақ лауазымды тұлғалар, оның ішінде әкімдіктер мен коммуналдық қызмет өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Таза Қазақстан»: Елордалық кәсіпкерлерге тазалықты сақтау жөнінде чек-парақшалар таратылды
«Мысалы, Ақмола облысының Бурабай ауданында туристік аймақтарды тұрмыстық қоқыстан тазарту бойынша ауқымды акция өтті. Іс-шараға полициямен бірге еріктілер және эко-белсенділер қатысты. Нәтижесінде 3 тоннадан астам қалдық шығарылды. Сонымен қатар халықпен және ұйым өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоқысты шығару және жинау ережелері, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы еске салатын ақпараттық жадынамалар таратылды», делінген министрлік таратқан хабарламада.
«Таза Қазақстан»: Биыл Алматыда 550 мыңнан астам ағаш отырғызылады