Бокс • Бүгін, 11:27

Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан ерлер арасында Азия чемпионатының финалдық бәсекелері өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды

Фото: ҚБФ

Ұлттық құрама сапынан алғаш болып Оразбек Асылқұлов шаршы алаңға шықты. Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың алтын жүлдесін үндістандық Сачин Сачинге қарсы сарапқа салды. Бірінші раундта үндістандық боксшы басымдық танытып, 5:0 есебімен өз пайдасына аяқтады. Екінші раундта Оразбек Асылқұлов жүйелі жұмыс істеп, 3:2 есебімен жеңісті өз тарапына бұра алды. Ал шешуші раундта отандасымыз шабуылда белсенді болып, нәтижелі соққылар жасай білді. Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Қазақстан боксшысына берді. Осылайша, Оразбек Асылқұлов ерлер арасында ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан Моңғолия боксшысына есе жіберді

Айта кетейік, күні кеше қыздар құрамасы Азия біріншілігін 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен қорытындылады. Сондай-ақ жеңістің бірінші тұғырынан көрінген бұрымды боксшыларды Президент құттықтады. 

Соңғы жаңалықтар