
Иә, «Сайлау өтсе қай партияны таңдайсыз?» деген сарындағы сауалмен өткен сауалнамаға елдің мыңдаған тұрғындары қатысқан. Олардың 19,8 пайызы «Еуорпалық ынтымақтастық» партиясын таңдауға әзір екендіктерін жеткізген. Әлбетте, бұл цифр Президент Владимир Зеленский жетекшілік ететін «Халық қызметшісі» партиясына халық күдікпен қарайды дегенді білдірмейді. Әйткенмен, сәл де болса таразы басы Порошенконың партиясына қарай ауа бастағанын аңғартады.