Оқиға • 07 Шілде, 2021

Атырау тұрғыны полицеймен төбелесті

830 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда полицей мен ер адамның арасындағы төбелес болған. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау тұрғыны полицеймен төбелесті

Атырау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 3 шілдеде сағат 19.52 шамасында құқық қорғау органдарына 1984 жылғы Атырау қаласының тұрғыны хабарласқан. Ол қала дүкендерінің бірінде мас бейтаныс адаммен арасында келіспеушілік туғанын хабарлаған. 1985 жылы туған ер адам әкімшілік хаттама толтыру кезінде полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы 3 бөлігі «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Одан бөлек, ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы 1 бөлігі «Ұсақ бұзақылық» және ҚР ӘҚБтК-нің 667 бабы 1 бөлігі «Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 36 жастағы азаматқа 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

 

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025