Аймақтар • 13 Маусым, 2021

Атырауда бөтеннің көлігін айдап әкеткен 5 адам ұсталды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек «Айдап әкету» іс-шарасы кезінде анықталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда бөтеннің көлігін айдап әкеткен 5 адам ұсталды

Полиция қызметкерлері іс-шара кезінде 146 техникалық қызмет көрсету стансасын, жеке автошеберханалар мен гараж кооперативтерін, автотұрақтарды, автокөліктерді бөлшектеу мен автобөлшектерді сату орындарын тексерді.

«Атырау облысы аумағында автокөліктер ұрлығы мен айдап әкетуге қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында «Айдап әкету» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара кезінде жедел-тергеу топтары құрылып, күдікті адамдарды анықтау, ұстау үшін жедел-іздестіру, арнайы тергеу  жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер  5 айдап әкету дерегін анықтады. Аталған деректерге қатысы бар 5 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше