Аймақтар • 12 Маусым, 2021

Атырауда автобус жүргізушілері жетіспейді

596 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнайлы шаһарда жолаушы тасымалдауға арналған автобустардың жүргізушісі жетіспейді. Сол себептен, күн сайын 60 автобус жолға шықпай тұр.

Атырауда автобус жүргізушілері жетіспейді

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевтың мәліметінше, жолаушы тасымалдаушы   кәсіпорындардың автопаркінде 289 автобус бар.

«Күн сайын жолаушы тасымалдауға 210-220 автобус жолға шығады. Себебі, автобус жүргізушілері жетіспейді. Бұл 60 автобустың резервте тұруына әсер етіп отыр», дейді Қайрат Оразбаев.

Оның айтуына қарағанда, осы кезге дейін Атырау қаласында 71 ашық, 24 жабық аялдама жаңасына ауыстырылыпты. Ал, 47 аялдама сенімгерлік басқаруға беріліпті.

«Биылғы жылдың соңына дейін Қазақстанда шығарылған 120 аялдаманы сатып алу жоспарланып отыр. Осылайша, ескі аялдамалар жаңасына ауыстырылады. Кейбір көшелерге жаңа аялдамалар орнатылады», дейді Қайрат Оразбаев.

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше